Гватемалада 600 келіден астам кокаин тәркіленді

МЕХИКО. ҚазАқпарат - Гватемалада Панамадан келген кемеден 600 келіден астам кокаин тәркіленді. Бұл туралы дүйсенбіде Гватемала прокуратурасы Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гватемалада 600 келіден астам кокаин тәркіленді

«Есірткіге қатысты қылмыстарға қарсы күрес прокуратурасы полициямен бірлесіп, екі контейнерді тексеру рәсімін аяқтады, олардан жалпы саны 616 бумаға салынған екі келіден астам кокаин табылды», - делінген хабарламада.

Есірткі партиясы елдің Кариб теңізі жағалауындағы Санто-Томас-де-Кастилья портына кірген кемедегі екі контейнердің ішіне жасырылған.

Өткен жылы Гватемалада 13,6 тоннадан астам кокаин тәркіленген болатын.

Есірткі саудагерлері АҚШ-қа есірткі жөнелтілімдерін тасымалдау үшін Гватемала аумағын жиі пайдаланады. Тасымалдау үшін олар көбінесе қайықтар мен жеңіл ұшақтарды пайдаланады.