Гватемалада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам ажал құшты
МЕХИКО. ҚазАқпарат – Гватемалада, Сакапа департаментінің Гуалан муниципалитеті ауданында сенбі күні автобус жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлады Prensa Libre газеті өзінің сайтында.
Құтқарушылардың деректеріне қарағанда, 20 адам зардап шеккен, ал автобуста 50-ге жуық жолаушы болған.
Билік қайғылы жағдайдың себеп-салдарын тексеруге кірісті. Екі көліктің де жүргізушісі ұсталды. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз.