Гватемалада бұрынғы диктаторлық режімнің екі сарбазы 120 және 240 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемала соты бұрынғы екі әскериді 1980-ші жылдары болған әскери қақтығыс кезінде әйелдерді құлдықта ұстап зорлағаны үшін 120 және 240 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Гватемалада бұрынғы диктаторлық режімнің екі сарбазы 120 және 240 жылға бас бостандығынан айырылды

Сотталушылар үндіс әйелдерді заңсыз тамақ әзірлеуге және елдің солтүстігіндегі әскери базаны жинауға мәжбүрлеген. Онда оларға сарбаздар зорлық көрсеткен.

Экс-әскерилерге жапа шеккендердің кейбіреулерінің күйеулерін өлтірді деген айып тағылды. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, сот залында зорлықтан жапа шеккен 11 әйел қатысты.
Рекордтық ұзақ түрмеге қамау символдыққа айналды, өйткені ел заңы бойынша максималды түрмеге қамау мерзімі 50 жылды құрайды.
2013 жылдың мамырында Гватемаланың бұрынғы президенті Хосе Эфраин Риос Монтт 1980-ші жылдарда 1700 үндісті өлтіру ісі бойынша 80 жылға сотталды.
Алайда, 2 жылдан кейін 89 жастағы экс-диктатор ақыл-есі ауысқан деген анықтамамен сотқа қатыспады.