Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гватемалада ел астанасы маңында жанартау атқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Гватемалада Фуэго жанартауы оянды, деп хабарлайды  РИА Новости.

 Гватемалада ел астанасы маңында жанартау атқылады

Жанартаудан шыққан күл жақын маңдағы қалаларға,  сондай-ақ елді мекендерге таралды. Тіпті ел астанасына да жетуі мүмкін деген қауіп бар. Өйткені ол небәрі 45 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Оңтүстіктен соққан жел  күлді астананың оңтүстік бөлігіне алып келуі ықтимал»,- деп мәлім етті апат зардабын азайту жөніндегі Ұлттық органның өкілі Дэвид де Леон.