Гватемалада Фуэго жанартауы қайта оянды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемалада Фуэго жанартау қайта атқылай бастады. Бұл туралы Haberturk агенттігіне сілтемемен «Хабар 24» хабарлады.
Жанартаудың ең жойқын лава атқылауы 2007 жылдың 9 тамызында болған еді. Бұдан кейін 2012 жылдың 19 мамырында басталған лава тасқыны 2016 жылдың маусым айына дейін жалғасқан еді.