Гватемалада фургон жыраға құлап, 10 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гватемаланың батысындағы Сан-Маркос департаментінде жолаушылар фургоны жыраға құлап кеткен. Салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат EFE агенттігіне сілтеме жасап.
Оның мәліметінше, фургон 100 метр биіктіктен құлаған. Алдын ала деректер бойынша көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.