Гватемалада көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 237 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемаладағы көшкін салдарынан көз жұмғандар саны 237-ге жетті. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы бейсенбі күні хабарлады, деп жазады ТАСС.

Гватемалада көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 237 адамға жетті

Камбрай-2 елді мекенінде бір апта бұрын 125 үй лай мен тастың астында қалған. Әлі 300-ге жуық адамның тағдыры белгісіз қалып отыр. Жергілікті билік қаза тапқандардың барлығының денесін табуға бар күшін салатынын айтуда. Іздеу жұмыстарына жүздеген адам мен ондаған техника жұмылдырылды.

Фото: © AFP 2015/ Johan Ordonez