Гватемалада сел жүруі салдарынан 26 адам қаза тауып, 600-ден астамы із-түссіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемаланың орталық бөлігіндегі Санта-Катарина-Пинула муниципалитетінде болған сел ағыны салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлап отыр.
None
None

Қайғылы оқиға салдарынан 600-ден аса адам із-түссіз жоғалды. Табиғи апаттар салдарына қарсы күрес жөніндегі Ұлттық үйлестіру орталығының басшысы Алехандро Мальдонадоның мәлімдеуінше, 34 адамды құтқарып, қаза тапқан тоғыз адамның мүрдесін шығару мүмкін болды. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, оған әскер бөлімшелері мен жүздеген еріктілер жұмылдырылған. Орталықамерикалық елдің билігіне БҰҰ, АҚШ, Мексика және Куба тарапынан көмек ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар