Гватемалада түрмедегі бүлік салдарынан алты адам қаза тапты
БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат - Гватемаланың Кантель муниципалитетінде түрмеде болған бүлік салдарынан кем дегенде алты адам мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат KTIV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Материалда нақтыланғандай, түрмедегі бүлік қамауға алынғандарға жақындары келіп-кету сағаттары аяқталған соң басталған.
«Алдын ала мәліметке сәйкес, қаза тапқан алты адам туралы хабарланып отыр, - деп жазады полиция қызметінен.
Prensa Libre газетінің жазуынша, түрмедегі тәртіпсіздіктер бір-біріне қарсы тұрған қылмыстық топтардың текетіресінен басталған. Басылым мәліметінше, 900 адамға есептелген пенитенциарлық мекемеде 2252 адам қамауда отыр.