Гватемалада жер сілкінісі құрбандарының саны 48 адамға жетті

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Гватемалада болған жер сілкінісінің салдарынан құрбан болғандардың саны 48 адамға жетті, деп хабарлады ел Президенті Отто Перес Молина.

Гватемалада жер сілкінісі құрбандарының саны 48 адамға жетті

«Өкінішке қарай, 48 адамның өлімін растауға мәжбүрміз», - деді Отто Перес Молина. Оның сөзіне қарағанда, тек Сан-Маркос департаментінде жерасты дүмпулердің салдарынан 39 адам қаза болды, бұл ретте, құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Қазіргі уақытта жарақат алғандардың саны 155 адамды құрайды, 100-ге жуығы із-түзсіз жоғалғандардың тізімінде.