Гватемалада жолаушылар мінген автобус жарылды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Гватемалада қалалық автобуста болған жарылыстың салдарынан кемінде 5 адам қаза болып, онға тарта адам жарақаттанды, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Гватемалада жолаушылар мінген автобус жарылды

Полицияның пайымдауынша, жарылыс автобус салонына күні бұрын қойылған жарылғыш қондырғының салдарынан болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы әзірге хабарланбаған.

Еске сала кетейік, Гватемалада қоғамдық көлік қылмыстық топтардың шабуылына жиі ұшырайды. Құқық қорғау ұйымдарының мәліметтері бойынша, 2010 жылы 150-ден астам автобус жүргізушілері қазаға ұшыраған.