10:13, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Гватемаланың экс-президенті бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен сотқа тартылады
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Гватемаланың бұрынғы президенті Альфонсо Портильо бюджет қаражатын ұрлады деген айыптаумен өз елінің сотына тартылады.

Гватемаланың ресми өкілдеріне сілтеме жасаған ВВС радиостансасының хабарлауынша, 2000-2004 жылдары президент болған А.Портильо бірнеше миллион доллар мемлекет қаражатын талан-таражға салғаны үшін айыпталып отыр.
2008 жылы А.Портильо сотқа тартылған болатын, бірақ кейіннен ол кепілдікпен бостандыққа шығарылған.