Гвинея-Бисауда әскери төңкеріс болды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Гвинея-Бисауда өткен жұма күні әскери төңкеріс болып, сарбаздар мен офицерлер елдің уақытша президенті мен премьер-министрі Раймундо Перейру мен Карлос Гоместі тұтқынға алды, деп хабарлады Agence France-Presse.

Гвинея-Бисауда әскери төңкеріс болды

Жергілікті армия қолбасшылығы өкімет билігін өз қолдарында қалдырмай, азаматтық үкіметке тапсыру ниеті туралы мәлімдеме таратты.

Әскерилердің айтуынша, олар қазіргі билікті құлатуға амалсыз қадам жасаған, өйткені ел басшылығы мен Ангола арасындағы құпия келісімді естіп білген. Бұл ақпарат бойынша, президент пен премьер «шетелдік әскердің күшімен Гвинея-Бисаудың қарулы күштерін жоймақ» болған.

Ел астанасы - Бисау қаласының көшелерінде әскери торуылдар және блок-бекеттер пайда болды. Әскерилер әсіресе үкіметтік аймаққа көптеп шоғырланған. Әзірге төңкерісті бастаған кім екені және елдегі жағдайға кім жауап беретіні белгісіз.

Бүлік президенттік сайлаудың бірінші және екінші туры аралығында болды, оған Карлос Гомес те қатысып жатқан болатын. Ресvи мәліметтер бойынша, ол бірінші турда 49 пайыз дауыс жинаған, ал басты опппозиционер Кумба Яла - 23 пайыз дауысқа ие болған. Яла бірінші турдан кейін сайлау барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алғандығын мәлімдеп, келесі турға қатысудан бас тартты.

АҚШ, Портуғалия (бұрынғы колониальдық держава) және Батысафрикандық мемлекеттердің экономикалық қоғамдастығы төңкерісті айыптады және әскерилерді билікті заңды сайланған үкіметке қайтаруға шақырды.

Гвинея-Бисау - әлемнің кедей мемлекеттерінің бірі. Пайдалы қазбалар болғанмен, ол игеріліп жатқан жоқ, өнеркәсіп жоққа тән. Бұл ел Африкадан Еуропаға есірткі тасымалдаудың басты базасы болып саналады.

Тәуелсіздік алғанннан бері осы кезге дейін елдің бірде-бір басшысы өзінің мерзімін аяғына дейін атқара алған жоқ. Үшеуін әскерилер құлатты, біреуін олар атып тастады, төртіншісі - 2012 жылдың қаңтарында өз ажалынан қайтыс болды.