18:17, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Гвинея-Бисаудағы төңкеріс: ел президенті өлтірілді
БИСАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Африканың Гвинея-Бисау мемлекетінде төңкеріс жасалды. Көтеріліске шыққан әскерилер ел президентін өлтірді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап. Соңғы деректер бойынша президент Жоао Бернардо Виейра ел астанасындағы өзінің үйін тастап кетпекші болған кезінде өлтірілген. Оны осыдан бірнеше сағат қана бұрын өлтірілген Бас штабтың бастығы Тагме На Вайені өздерінің көсемдері деп санайтын жауынгерлер өлтірген. Әскерилер мен президент арасындағы текетірес соңғы бірнеше аптаға созылған болатын. Шешуші шайқас дүйсенбі күні таңертең, әскердің штаб-пәтерінде қатты жарылыс болған кезінде орын алды. Ғимарат ішінара бүлінген, Гвинея-Бисау әскерінің қолбасшысы қаза тапты. Әскерилер президент Ж.Виейраны осы шабуылға жауапты деп санап, одан кек алуды ұйғарады. Ел астанасының түрлі аудандарында атыс жүріп жатыр, жергілікті екі радиостансының жұмысы тоқтатылды. Гвинея-Бисау ? Африка елдері ішіндегі ең кедейі, оны есірткі барондары Еуропадан кокаинді тасымалдау үшін өткелдегі базалардың бірі ретінде пайдаланады. Ондағы төңкерістер үйреншікті жайт. Мысалы, өткен жылдың қарашасында жауынгерлер Ж.Виейраның үйін атқылаған кезінде ол бір ажалдан әупіріммен қалған болатын. Одан кейін президент оны әскерилерден қорғауы тиіс милиция жасағын құрған болатын. Алайда Ж.Виейра қаңтарда өз жақтастарынан қорқып, милицияны таратып жіберді.