Гвинея президенті премьер отставкаға кеткеннен кейін үш күннен соң оны лауазымына қайта тағайындады
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат -Гвеинея президенті Альфа Конде 19 Мохамед Саида Форфанды премьер-министр лауазымына тағайындады.
Бұл үкімет басшысы отставкаға кеткеннен кейін үш күн өткен соң орын алды.
Мемлекеттік теледидар бойынша оқылған президенттің жарлығында Фофанның орынтағын сақтайтыны айтылады. Мемлекет басшысының мұндай шешімді неліктен қабылдағаны әзірге беймәлім. БАҚ деректері бойынша премьер 2013 жылғы 28 қыркүйекте болған парламенттік сайлаудан кейінгі Гвинеядағы саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты отставкаға кетуге өтініш берген.