08:29, 18 Наурыз 2016 | GMT +5
Гвинеяда екі адамның Эбола безгегін жұқтырғаны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинеяда Эбола безгегін жұқтырған екі жағдай тіркелді, - деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Екеуі де бір отбасы мүшесі. Бұдан бұрын олардың үш туысқаны безгекті жұқтырып, індет салдарынан қайтыс болғаны анықталды.
Үкімет олар тұратын ауылға оқшаулау режім ендірді. Ауданға вакцина қоры жеткізілгенін мәлімдеді.
Бейсенбі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 42 күн ішінде безгек жұқтырған жаңа жағдайлар бақыланбағаннан кейін көрші ел - Сьерра-Леонда Эболаның таралуы аяқталғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Бұдан бұрын ДДСҰ жекелеген жағдайларда оның қайта пайда болы мүмкін екенін ескерткен, себебі безгек ұстаған ағзада вирус сақталып қалуға қабілетті.
Батыс Африкада Эбола безгегінің таралуы салдарынан 2013 жылғы желтоқсаннан бастап 11 мыңнан астам қаза тапқан.