Гвинеяны Эбола қанды безгегі қысып тұр
Безгек індеті елдің оңтүстігінде, Сьерра-Леонмен шекараға тақау аумақта кеңінен тарауда. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бұл дертке шалдыққандар саны 80 адамға жеткендігі белгілі. 22 наурыз күні Гвинеяның оңтүстігінде Эбола қанды безгегі індетінің таралып отырғандығы белгілі болды. Айта кетерлігі, бұл ауру ағымдағы жылдың ақпан айында-ақ қылаң берген еді. Дегенмен, сол кезде жергілікті дәрігерлер аурудың нақты не екендігін айқындай алмаған болатын. Ал оның Эбола безгегі екендігі француздықдар бодандығындағы Лиондағы зертханада анықталып отыр. Эбола безгегі белгілеріне ұқсас ауру көршілес Сьерра-Леон елінде де байқалып отыр. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сөзіне қарағанда, Сьерра-Леонде індеттің екі ел шекарасынан өтуі мүмкіншілігін анықтауға бағытталған зерттеу шаралары жүргізілуде. Айта кетейік, Эбола қанды безгегі 1976 жылы Судан мен Заир мемлекеттерінің аумағында алғаш рет анықталған болатын. Бұл дертке шалдыққандардың 90 пайызы тірі қалмайтыны белгілі.