Ғылым академиясы Н.Назарбаевты ҚР Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ғылым академиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.
«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Еліміздің ғылыми бірлестігі Сізді Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми түрде кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Біз Сіздің сайлаудағы тамаша, сөзсіз қол жеткізген жеңісіңізге ортақтасамыз! Бұл шынымен де бүкілхалықтық қолдаудың салтанаты болды.
Ұлықтаудың салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзіңізде Сіз бес институционалдық реформаны іске асыруға көңіл бөліп өттіңіз.
Бұл ретте Сіз қазақстандық бірдейлікті одан әрі нығайту азаматтық қағидатының базасында өтуі тиіс екенін атап өттіңіз. Бұл барлық азаматтар тең құқылы, бірдей жауапкершілік жүгін арқалайтынын және бірдей мүмкіндіктерге қол жеткізе алатынын білдіреді. Біздің басты міндетіміз, Сіз атап өткендей, қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық құндылықтар - құқық ұлықтылығы, мемлекеттік дәстүрлер, қазақстандық құндылықтарды өздерінің мінез-құлық моделінен жоғары қоюы.
Бүгінде қазақстандық төзімділік моделі әлемдік қауымдастықтың үздік мысалы болды, бұл бағалы тәжірибе БҰҰ мен басқа елдерде қарастырылып отыр.
Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңізде сіз бес халықтық реформаның мақсаты кәсіби мемлекеттік аппарат, индустриалдық экономика, ашық сот жүйесі, берік орта класы бар күшті дамыған мемлекетті құру екеніне көңіл бөлдіңіз.
Біз қазақстандық қоғамның стратегиялық жоспарларына табысты қол жеткізу, экономиканы диверсификациялау және әлеуметтік саланы дамыту бойынша шараларды сапалы іске асыру мемлекеттік басқарушылардың, жаңа форматтағы менеджерлердің құзыреті, таланты және еңбексүйгіштігіне байланысты екеніне сенімдіміз», - деп жазылған құттықтау мәтінінде.