Ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы - ауыл-шаруашылығын дамытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына еліміздің 3 аграрлық жоғары оқу орны кіреді. Айта кету керек, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2015 жылдың 22 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына қолдау көрсету.

Ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы - ауыл-шаруашылығын дамытады

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Наметовтың сөзіне сүйінсек, қазіргі таңда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастырып келеді.  

Сонымен қатар, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ жүйесінде жоғары оқу орындары мен  мен ғылыми зерттеу институттарының базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде  коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған.

Бүгінгі таңда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамында оның 31 филиалы жұмыс істеп келеді. Сонымен бірге, 23 ғылыми-зерттеу институты, 7 тәжірибелік шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистік компаниялар аталған ұйым қатарына кіреді.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамында2017 жылдың 1 қаңтарына ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 4163 адамды құрады. Ал ғылыми қызметкерлердің саны 1 392 адам. Нақтырақ айтсақ, ғылыми қызметкерлердің қатарында 141 ғылым докторлары, 369 ғылым кандидаттары, 11 PhD докторы мен 289 магистрлер бар.

Сонымен қатар, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамында аграрлық технологияларды трасферттеу және коммерциализациялау орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі отандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми-техникалық нәтижелерін енгізуге бағытталған. Оған қоса, бұл мекеме алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларды трансферттеуге қолдау көрсетумен айналысады. Қазіргі таңда Қазақстанда шетелдік инновацияларды енгізу үшін аграрлық технологияларды трасферттеу және коммерциализациялау қызметін кеңейту мәселесі қарастырылуда.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ жүйесінде инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің саны 10% -дан - 25%-ға  дейін артады. АӨК-ні кадрлармен қамтамасыз ету 30%-дан 50%-ға дейін өседі. Отандық  ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу көрсеткіші 17%-дан 22%-ға көтеріледі.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің ғылыми-кеңестік қамтамасыз ету 3-тен 15%-ға жеткізіледі.

Екі аграрлық ЖОО-лар кешендерінде халықаралық деңгейдегі агро орталық құру жұмыстары жүргізілуде. Ғыфлыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы құрылды.Айта кету керек, ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігі ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл фермерлер үшін минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің санын 10%-дан - 25%-ға  дейін арттыруға мүмкіндік береді.