Ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Академия тыңдаушыларының сауалдарына жауап берді

СТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы Қаржы полициясы академиясында «Сыйлы қонақ» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім және ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Н.Қалабаев қаржы полициясы академиясының жеке құрамы және тыңдаушыларымен кездесті,

Ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы  Академия тыңдаушыларының сауалдарына жауап берді

деп хабарлайды Академияның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ғылыми және ғылыми-ұстаздық кадрлар даярлау, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау, бірыңғай ұлттық тестілеу сынды мәселелер кеңінен талқыға салынды. Кездесуге келген білікті маман осы және басқа да мәселелер бойынша кеңінен сөз қозғап, тыңдаушылар мен Академия ұжымын қызықтырған сауалдарға жауап берді.