Ғылым саласындағы жас ғалымдар алдымен табиғат заңдылықтарын тани білулері керек - Н.Нәдіров

ҚР ҰҒА-ның акдемигі Нәдір Нәдіров өзінің 8-ші оқылымында осылай айтты.
Ғалым жаратушы жер әлемін керемет үйлесімділікпен жаратқанын және осы үйлесімділікті біз танығанда ғана тың жаңалықтарды дүниеге әкелетіндігімізді айтады. «Жер демалады. Керіліп қайта тартылады. Жердің тартылған кезінде мұнайды сору жеңіл жүретіндігін мұнайшы ретінде айта аламын. Ал керілген кезінде оны сору жұмыстары қиынға түсетіндігі белгілі», дейді академик.
Н.Нәдіров осы мәселені өзінің 5-ші оқуларында көтергендігін және бұл жайында дәйекті деректер болмағандығын айтады. Тіптен осы пайымдауын мұнайшыларға, сейсмологтарға және тағы басқа өкілетті орындарға да жеткізген. Бәрі ойша солай болатындығын, бірақ дерек жоқтығын алға тартқан.
Ал бүгін академик осы жайтқа байланысты жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырып, жердің демалатындығын дәлелдейтін деректерге қол жеткігендігін айтты. "Осы зерттеу жұмыстарын ғылымға енгізетін болсақ, мұнай алу жұмыстары тиімді жүрер еді", дейді Н.Нәдіров.