Ғылым саласындағы зияткерлік меншікті қорғайтын өкілетті орган қажет

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - «Зияткерлік құқық туралы» заң ғылыми әлеуетті қорғай алмай отыр.

Ғылым саласындағы зияткерлік меншікті қорғайтын өкілетті орган қажет

Бүгін Астанада өткен ғылыми кеңес барысында «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов осы мәселені көтерді.

«Ол заңға өзгеріс енгізу керек. Себебі патент алу үшін біз Әділет министрлігіне өтініш береміз. Ал ол жерде ғылыми жаңалықтардың өзектілігін кім тексере алады? Заңгер ме? Сондықтан бұл жұмысты ғылым саласындағы өкілетті орган атқаруы тиіс деп ойлаймыз», - дейді Н.Бектұрғанов.