08:08, 05 Қаңтар 2015 | GMT +5
ҒЫЛЫМ: Семіздік - тұқым қуалайтын ауру
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер ата-анасы семіздік ауруына шалдыққан болса, онда балаларының да семіріп кетуі ғажап емес. Мәселе, әке-шешесінің әдетін жұқтырғандықта емес, деп жазады The Times of India. Ғылыми мақаланың тұжырымы бойынша, бұл - тұқым қуалайтын дерт, яғни генетикалық мәселе.
Аталған ғылыми қорытындыны растау үшін ғалымдар тышқандарға сынақ жұмыстарын жүргізіп көрген. Мамандардың айтуынша, аналық тышқанға майлы тамақтар ғана беріп, арнайы бақылауға алғанда одан туған тышқанның да ағзасы семіруге бейім екені анықталған.