Ғылымда инвесторлар мен венчурлік қорлардың әріптестігін жолға қою керек - «Парасат» холдингі

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Ғылымда инвесторлар мен венчурлік қорлардың әріптестігін жолға қою керек.

Ғылымда инвесторлар мен венчурлік қорлардың әріптестігін жолға қою керек - «Парасат» холдингі

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті және «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің ғылыми консультанты Нұралы Бектұрғанов мәлім етті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы ғылымға инвесторларды тарту үшін елде венчурлiк капитал құру керектiгiн айтқан болатын. Н.Бектұрғановтың хабарлауынша, осыған орай, «Парасат» холдингі венчурлік қор құрған.

«Ғылымды венчурлiк қор, мемлекет және жеке меншiк кәсiпорындар бiрдей қаржыландырады және тәуекелдерді теңдей бөлетiн болады. Қаражатын тәуекелге тiккен кез келген инвестор оқыс жағдайлардан сақтандырылуы керек», - дедi Н.Бектұрғанов.