Ғылымды қаржыландыру соңғы екі жылда 80 пайызға өсті - Б. Жұмағұлов
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат -Ғылымға бөлінетін қаржы соңғы екі жылда 80 пайызға өсіп отыр.
Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, егер 2011 жылы ғылым саласына бөлінетін қаржы 26,8 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы 48 млрд. тегеге жетіп, 80 пайызға өсті.
«Ғылым туралы жаңа заңға сәйкес, зерттеу институттары құрылуда. Қазіргі уақытта инновациялық бағытта 10 университет жұмыс жасайды. Жалпы алғанда Елбасы ағымдағы жылғы Жолдауында Назарбаев Университеті айналасында инновациялық-интеллектуалдық кластер құру туралы идея ұсынған еді. Кейін оның тәжірибесі басқа да ғылыми-білім беру орталықтарын құру үшін пайдаланылатын болады. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - дейді министр Б. Жұмағұлов.