Ғылымды қаржыландырудың үш тетігі де ойдағыдай жұмыс істеуде - вице-министр М.Орынханов

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін гранттық қаржыландыру тетігі бойынша ғылымға 10 млрд. теңге бөлінді.

Ғылымды қаржыландырудың үш тетігі де ойдағыдай жұмыс істеуде - вице-министр М.Орынханов

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ғылыми кеңес барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті.

Бүгінде жаңа заңнамаға сәйкес, отандық ғылымды қаржыландырудың үш тетігі де ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. «Былтыр базалық қаржыландыру бойынша 73 мекемеге 2,7 млрд. теңге бөлінсе, биыл ғылым-білім саласындағы 161 мекемеге 7,8 млрд. теңге қарастырылып отыр. Келесі жылы да бұл көрсеткіш төмендемейді. Мақсатты қаржыландыру тетігі бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия 91 бағдарламаны қабылдады. Ал гранттық қаржыландыру саласында ғалымдар ұсынған жобаларға 10 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, грант алуға 1990 өтініш түскен болатын. Ғылыми жобалардың жалпы сомасы 94 млрд. теңгені құрады», - дейді М.Орынханов.