Ғылымды тастап кеткен ғалым бақытқа жеткен

АЛМАТЫ. ҚАЗаҚПАРАТ- Франциялық ғалым және генетик Матье Рикар, зерттеушілердің айтуынша әлемдегі ең бақытты адам болып шықты. 66 жастағы француз ғалымы бұдан 40 жыл бұрын ғылымды тастап, буддизм дінін терең зерттеу үшін Үндістанға көшіп кеткен еді, -деп хабарлайды planeta.moy.su порталы
None
None

Рикар күнделікті медитацияның арқасында, уайым-қайғыдан ада үнемі бақытты күйде жүреді екен.

Зерттеу аясында Висконсин университетінің невролог ғалымы Ричард Дэвидсон Рикардың басына 256 датчик орнатқан. Олар Матьенің миында медитация кезінде орын алатын өзгерістерді тіркеп отырған. Тіркеу нәтижесі көрсеткендей, медитация барысында Рикардың миының Гамма толқынды белсенділігі елеулі түрде артатындығы анықталды. Осыған байланысты, зерттеушілердің болжамынша, ми қыртысының префронталдық, яғни алдыңғы жағында болатын шамадан тыс белсенділік - адамның бақытты болуына ерекше ықпал етеді. Өйткені ондайда адам торығуға беріліп, уайымға берілмейді.

«Біз соңғы 12 жыл ішінде осы бір ерекше нәтижеге қол жеткізуге тырыстық. Бұл үшін медитациямен айналысатын жүздеген адамдарды зерттедік. Әсіресе, онымен ұзақ жылдар айналысатын жандарды бақылай отырып, тамаша нәтижелерді тіркедік. Сонымен қатар, медитациямен енді ғана айналыса бастағандардың миында да оң өзгерістер байқалды. Демек, медитация бұл көлеңкеде отырып алып қалғып, мүлгу емес, бұл құпияға толы тылсым дүние! Ол адамның миын өзгертеді. Демек адамның өзін де өзгерте алады» - деді өз сөзінде Ричард Дэвидсон.

Ғылымда «Нейроиілімділік» деп аталатын бұл құбылысты қазір бүкіл әлем ғалымдары зерттеу үстінде.

Соңғы жаңалықтар