09:38, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Ғылымға бұрын белгісіз болып келген жәндіктің жаңа түрі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абу-Дабидың қоршаған орта департаменті жергілікті қорықтан осы кезге дейін ғылымға белгісіз жәндіктің жаңа түрін тапқанын жариялады. Бұл туралы muslim.kz жазады.
Тұрқы 4 мм-ден аспайтын жәндік омыртқасыз жәндіктер тобына жатады. Ол өзінің метал түстестігімен де ерекшеленеді.
Департамент инспекторының айтуынша, бұл жәндіктер қоршаған ортадағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады-мыс. Ол ұсақ жәндіктер мен зиянды бактерияларды жеп қоректенеді.