Ғылыми конференцияда шекаралық, ақпараттық қауіпсіздік пен оны қорғаудың жолдары қозғалды – ҚР ҰҚК ШҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара академиясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу бөлімдері мен оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Ғылыми конференцияда шекаралық, ақпараттық қауіпсіздік пен оны қорғаудың жолдары қозғалды – ҚР ҰҚК ШҚ

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориясы мен практикасы» тақырыбында өткен конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясының және Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университетінің өкілдері өз сөздерінде қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға кеңінен тоқталып өтті. Болуы мүмкін қауіп-қатерлерді, шетелдің тәжірибесін талқылай келе, олардың шекаралық қауіпсіздікке ықпалын қозғады.

Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік пен оны қорғаудың жолдары жайлы пікір-ұсыныстар ортаға салынды. Қазіргі кезде IT-технология мен байланыс құралдары арқылы радикалды экстремизм мен халықаралық терроризм идеяларының тарап отырғандығын нақты мысалдармен келтірілді.

Конференцияға қатысушылар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін әрдайым ерекше назарда ұстап отыру қажеттігіне тоқталды.