11:30, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Ғылыми қызметкерлер қылмыстық атқару жүйесі мамандарымен әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізді
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Алматыда Ғылыми қызметкерлер қылмыстық атқару жүйесі мамандарымен әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізді,

деп хабарлайды Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз орталығы.
Іс-шараның негізгі мақсаты заманауи психологиялық техниканы тәжірибе жүзіне енгізу, бейімдеу, пайдалану, жалпы алғанда психология ғылымына қол жеткізу болып табылады.
Қылмыс жасалатын ортамен жұмыс жасау әрқашан қиын болатыны белгілі, адамға физикалық және психологиялық салмақ түсіреді. Осыған байланысты оқу тренигі қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне жазаға тартылған адамды қабылдап, жанжал орын алған жағдайларды сауатты және уақытылы шешіп отыруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.