Ғылыми нәтижесі өнеркәсіпте пайдаланылған ғалымға роэлти жинау мүмкіндігі берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі аграрлық ғылымды және технологиялар трансфертін дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуі қажет. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Парламенттің 4-сессиясында қойған міндеттерін талқылауға арналған Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында депутат Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Президенттің аграрлық ғылым саласында қойған міндеттерін орындау үшін «Нұр Отан» фракциясының депутаттары Үкімет аграрлық ғылымды және технологиялар трансфертін дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеп, бекітуі қажет деп ойлаймыз, - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған жол картасында ғылыми зерттеу және білім беру ұйымдарын басқарудың ашықтығы, экономика мен бизнестің қажеттілігін өзектендіру, ғылыми зерттеулерге арналған тапсырыстарды қалыптастыруға және қаржыландыруға бизнестің қатысуын ынталандыру тетіктерін енгізу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін қорғау және ғалымдардың ғылыми-техникалық жұмысының нәтижелерін агроөнеркәсіптік кешенді пайдаланғаны үшін роэлти жинау тетіктерін жетілдіру, әлеуетті жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жасалған білім беру бағдарламалары және аргоөнеркәсіп кешен үшін кадрлар дайындаудың біртұтас жүйесін құру, заманауи технологияларды көрсету және енгізу трансферттерді ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс істейтін көрсету көрме алаңдарын құру сияқты өзекті мәселелер қаралуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар