Ғылыми-технологиялық форсайт аясында бағдарлама әзірлеу басталды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда жүргізіліп жатқан ұлттық ғылыми-технологиялық форсайт аясында 10 мақсатты технологиялық бағдарламаны әзірлеу басталды,
деп хабарлайды «Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Жұматай Сәлімов pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Біздің жоспарымыз - жылдың соңына дейін әр түрлі қысылшаң технологияларды, сондай-ақ инфрақұрылымдарды дайындау аспектілерін, кадрларды даярлауды және қажетті R&D өткізудің жан-жақты жоспары қамтылатын 10 мақсатты технологиялық бағдарламаны әзірлеу», - деді Жұматай Сәлімов.
Оның атап өтуінше, агроөнеркәсіп кешені, мұнай-газ саласы, тау-кен металлургия саласы, ақпараттық-коммуникациялық технология, химиия және баламалы энергетика салалары бойынша бағдарламаларды әзірлеумен шұғылданатын 10 жұмыс тобы құрылып та қойған.
Аталған технологиялар Кореяның KISTEP ғылым мен технологияны бағалау мен жоспарлау институтымен бірлесіп өткізілген республикалық форсайт зерттеулерді жүргізгеннен кейін анықталған стратегиялық технологиялар тізімінің бір бөлігі болып табылады.
«Өткен жылы форсайттық зерттеулер аяқталып, 63 қысылшаң технология анықталған, жан-жақты талқылау барысында олардың саны 7 негізгі сала бойынша 75-ке дейін жеткізілді», - деді «ТДҰА» АҚ басқарушы директоры.
Мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге мемлекетпен қатар бизнес-құрылымдар да қатысып жатқандығын айтқан ол: «Мақсатты технологиялық бағдарламалар дегеніміз, бұл - мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара әрекеттесуінің үш тағаны, яғни осы үш тарап бірлесіп әр түрлі қысылшаң технологияларды дамытатын болады», - деді.