Ғылыми-зерттеу дәрежесін алу мақсатын тұтқан Астананың аграрлық университеті халықаралық конференция өткізеді

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - 26 қазан күні Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде
None
None

«Зерттеу университеті: ғылым, білім, инновация синтезі» атты тақырыпта оқу орнының 55 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шара жоғары оқу орнының инновациялық моделін - зерттеу университетін құру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, Ресей Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындары - Пловдив ауылшаруашылық университетінің (Болгария), Путр университетінің (Малайзия), Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің, Беларусь мемлекеттік агротехникалық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің өкілдері мен ғылыми-зерттеу институттары мен «ҚазАгроИнновация» АҚ орталықтарының ғалымдары қатысады.

ҚР Президенті қойған міндеттердің өзектілігін ескеріп, конференция жұмысы барысында даярлаудың жаңа сапалы деңгейіне өту, білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру, ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару және ғылымды инновациялық үрдіске тікелей қосу мәселелеріндегі проблемалар көтерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар