«Х-адамдар: Апокалипсис» фильмінің премьерасы 2016 жылғы көктемде өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық режиссер Брайан Сингердің "Х-адамдар: Апокалипсис" ("X-Men: Apocalypse") блокбастерінің алғашқы трейлері жарыққа шықты, деп хабарлайды kinostan.kz.
"Апокалипсис" - "Х-адамдар" сериясындағы тоғызыншы кинокартина және "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері" фильмінің жалғасы. Мутанттар нәсілінің жер бетінен жойылып кетпеуі үшін күресетін Х-адамдар үлкен қатерге ұрынады - оларға Апокалипсис деген үлкен құдірет иесі қарсы тұрады.
Негізгі рөлдерді Джеймс МакЭвой, Майкл Фассбендер, Дженнифер Лоуренс, Эван Питерс, Оливия Манн, Роуз Бирн, Оскар Айзек, Софи Тернер, Николас Холт, Тай Шеридан, Коди Смит-МакФи, Джош Хелман сомдайды. Фильмнің премьерасы 2016 жылы 19 мамырға белгіленген.