Х. Карзай армияға президенттік сайлау күні жауынгерлік операцияларды тоқтатуды бұйырды

АСТАНА. Тамыздың  14-і.  ҚазАқпарат - Ауғанстан  Президенті Хамид  Карзай    үкімет  әскеріне    тамыздың  20-сына белгіленген президенттік сайлау кезінде     барлық жауынгерлік  операцияларды  тоқтату  туралы  бұйрық  берді, 

Х. Карзай    армияға   президенттік сайлау  күні  жауынгерлік операцияларды  тоқтатуды  бұйырды

деп  хабарлайды Associated Press агенттігі.

Бұл мәлімдемені ауған басшысы   ұлттық  радиода сөйлеген  сөзінде   жасады.   Ол  сондай-ақ,  «Талибан»   содырларын  осыдан   үлгі алуға  және   ел  азаматтарына  еркін   дауыс беруге мүмкіндік жасауға    шақырды.

Ауғанстанда президенттік сайлау  тамыздың 20-сында  өтеді. Ел президенттігіне 40-қа жуық  үміткер    таласады.