22:55, 04 Ақпан 2025 | GMT +5
ІХ Қысқы Азия ойындары-2025. Бүгінгі күннің қорытындысы
АСТАНА. KAZINFORM – Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ІХ Қысқы Азия ойындары бойынша бүгінгі жарыс күнінің нәтижесін жариялады.

Кёрлинг
Қысқы Азия ойындарында керлингтен аралас жұптық бәсекеде отандастарымыз сайысқа түсті. Қазақстан – Қытай 5:11
Шайбалы хоккей (ерлер)
Қазақстан ерлер құрама командасы алғашқы матчта Таиландты ірі есеппен жеңіп, жарысты сәтті бастады. Таиланд - Қазақстан 0:12
Шайбалы хоккей (әйелдер)
Қазақстанның әйелдер құрамасы кезекті матчта Таиланд командасын ірі есеппен жеңді. Қазақстан – Таиланд 9:0.
Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.