Х.Клинтон Армения мен Әзірбайжанды Таулы Қарабақ төңірегіндегі дауды шешуге шақырды

ВАШИНГТОН. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Армения мен Әзірбайжанды Таулы Қарабақ төңірегіндегі аумақтық дауды шешуге шақырды.

Х.Клинтон  Армения мен  Әзірбайжанды  Таулы Қарабақ  төңірегіндегі    дауды шешуге    шақырды
Х.Клинтон ханым аталған елдердің сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Кездесулердің қорытындылары туралы ештеңе хабарланбай отыр. Армения мен Әзірбайжанның арасындағы кезекті кездесу бүгін Прагада өтеді. Әзірбайжан мен Арменияның арасындағы қақтығыс 1988 жылы Таулы Қарабақ пен оның төңірегіндегі жеті ауданға қатысты аумақтық таластың салдарынан туындаған болатын. Тараптар 1994 жылдың мамырында соғысты тоқтатуға келіскен-тін, бірақ одан бері ол режім бірнеше рет бұзылды. Екі елдің арасындағы бейбіт келіссөз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының арағайындығымен өтуде.