Х.Ромпей 2014 жылға дейін Еуроодақ басшысы болып қайта сайланды

БРЮССЕЛЬ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше 27 елдің мемлекет және үкімет басшыларының Брюссельде өтіп жатқан саммиті барысында Еуропалық Одақтың (ЕО-ның жоғарғы органы) қазіргі төрағасы Херман Ромпейдің мандаты 2012 жылдың 1 маусымынан бастап 2014 жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылды.
None
None

Айта кетейік, Х.Ромпей біртұтас еуропалық құрылымның тарихында бірлескен Еуропаның бірінші басшысы болып табылады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Еуропалық органның хабарламасына сәйкес, аталмыш мерзімде Х.Ромпейге, сондай-ақ бүгінгі күні біртұтас еуропалық құрылымның 17 елінен тұратын - еуроаумақ саммиттеріне төрағалық ету міндеті жүктелді. Аталмыш іс-шаралардың отырыстары жылына кем дегенде екі рет өтіп тұрады.

Еске салайық, Лиссабон келісіміне сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуроодақта ЕО басшысының лауазымы енгізіліп, оған Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Херман Ван Ромпей сайланды. Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы болу үшін ол Бельгияның федералдық үкіметінің басшысы лауазымынан кетті.

Соңғы жаңалықтар