Хьюстондағы су тасқынынан химия зауыты жарылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Харви» дауылынан кейін келген толассыз жауын-шашын салдарынан Кросбидегі Arkema зкомпаниясының зауытында химиялық заттарды салқындатқыш жүйесі істен шыққан. Компания мәлімдемесіне сәйкес, өрттің алдын алу мүмкін емес, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. 
None
None

Arkema зауыты өткен жұма күні, дауыл басталмай жатып жұмысын тоқтатқан.

Алайда, тоқтаусыз жауған нөсер салдарынан оның аумағын су алып (102 см), электрмен жабдықтау желісі үзілді, деп хабарлайды компания. Ток беретін резервтік генераторларды да су басқан.

Зауыт органикалық пероксидтерді шығарумен айналысады және онда сақталып тұрған химикаттар жоғары температурада қауіп төндіреді.

«Енді ондағы химиялық заттар жарылып, алып өрт шығаруы мүмкін, - деп келтіреді Рейтер агенттігі компаниясының басшысы Ричард Роуэрдің сөзін. - Аумақтағы су деңгейінің жоғары болуы, сондай-ақ жарықтың болмауы мұның алдын алуға мүмкіндік бермей отыр».

Харви дауылынан кем дегенде 25 адам қаза тапқан. 

Соңғы жаңалықтар