H1N1 тұмауына байланысты Калининградтағы мектепте сабақ толығымен тоқтатылды
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Калининградтағы №30 мектепте H1N1 тұмауына байланысты шектеулі карантин енгізілді және өз жұмысын тоқтатты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Әкімшілік өкілі отызыншы мектептегі сабақтың сейсенбіден бастап тоқтатылғанын мәлімдеді. «Мұндай қадам, тоғыз оқушының бір мезгілде ауырғанына байланысты жасалды», - деді ол.
Қала билігінің ақпараты бойынша, дәрігерлер барлық ауырғандар балалар H1N1 тұмауын жұқтырған болуы мүмкін деп күдіктенеді.