«Хабар» Агенттігі» АҚ-да жаңа тағайындаулар
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның ұжымына басқарма төрағасының орынбасарлары таныстырылды, деп мәлімдеді «Хабар» Агенттігі» АҚ қоғаммен байланыс және маркетинг департаментінің баспасөз қызметі.
«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Алмагүл Ахметжанова тағайындалды, басқарма төрағасының орынбасарлары болып Айгүл Жұмабаева мен Темірлан Нұрғисаев тағайындалды.
Бұған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Қанат Сахариянов тағайындалған болатын, ол 2012 жылдың 5 маусымында «Қазмедиа орталығы» Басқару компаниясы» ЖШС-нің бас директоры болды.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Алмагүл Ахметжанова бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары болды. Алмагүл Ахметжанова өзінің еңбек жолын 1999 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да қызмет жасаудан бастаған. 2004 жылдың ақпан айынан 2011 жылдың шілде айына дейін бағдарламалар дирекциясын басқарды. 2011 жылы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған, басқарма мүшесі етіп сайланды.
Басқарма төрағасының орынбасарлары қызметіне Айгүл Жұмабаева мен Темірлан Нұрғисаев тағайындалды.
Айгүл Жұмабаева өзінің еңбек жолын 1981 жылы ҚазКСР телевизия және радиохабар бойынша Мемлекеттік комитеті бағдарламалар бас дирекциясынан бастады. 1986 жылдан 1997 жылға дейін «Қазақстан» республикалық телекорпорациясында жұмыс істеді. 1997 жылдан 2001 жылға дейін «Радиосити» ТРК-ны басқарды. 2003 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-да жұмыс істей бастады. 2004 жылдың наурыз айынан 2006 жылдың мамыр айына дейін бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары; 2006 жылы «Caspionet» арнасының директоры болды.
Темірлан Нұрғисаев бұған дейін «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. Өзінің еңбек жолын 2002 жылы «Қазгер-Мұнай» БК ЖШС-де қызмет етуден бастады. 2004 жылдан 2006 жылдар аралығында ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігінде жетекші маман, бас маман болып жұмыс жасады. 2006-2007 жылы ҚР статистика агенттігі төрағасының кеңесшісі болды. 2007 жылың сәуір айынан бастап ҚР Қаржы министрлігінде басқармасы басшысы лауазымын атқарды. 2007 жылдың тамыз айынан 2008 жылға дейін ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігінде ішкі әкімшілік департаментінің директор орынбасары болды. 2008 жылдан бастап «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде еңбек етті.
«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарама төрағасы Айдос Үкібаев болып табылады.