«Хабар Агенттігі» АҚ интернет-бөлімінің бас редакторы өмірден озды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - "Хабар Агенттігі" АҚ интернет-бөлімінің бас редакторы, Марина Гуслярова 43 жасқа қараған шағында мезгілсіз өмірден озды.

  «Хабар Агенттігі» АҚ интернет-бөлімінің бас редакторы өмірден озды

Бұл туралы Агенттіктің сайтында хабарланды.

1969 жылы 24 қаңтарда дүние есігін ашқан ол, 2012 жылдың 21 қыркүйек айында көз жұмды. 1995 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде журналист, редактор және жаңалықтар бөлімінде продюсер қызметтерін атқарған ол, соңғы жылдары интернет-бөлімнің бас редакторы болып жұмыс істеді.

 «Әріптестері мен достары Маринаның жақын туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады. Марина Гуслярованың жарқын бейнесі мәңгі есімізде», делінген хабарламада.