«Хабар» арнасы Eurovision ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасы Eurovision ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді. Алғашқы жартылай финал бүгін түнгі сағат 01:00-де тікелей эфирден берілетін болады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

 «Хабар» арнасы Eurovision ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді

Ал 60 жылдығын атап өтетін байқауды жылда 180 миллионнан астам өнерсүйер қауым тамашалайды. Олардың қатарында «Хабар» арнасының көрермендері де бар. Өйткені, республикалық арна жыл басынан бері еуропалық хабар тарату одағының қауымдасқан мүшесі атанды.

Тағы бір жаңалық, ән байқауы енді еуропалық қатысушылармен ғана шектелмейді.

«Биылғы жобаның ерекшелігі, осы жылдан бастап тек Еуропаға ғана емес, Америкаға да таралады. Былтырдан бастап Австралия қатысып жатыр. Байқауға қатысуға Қазақстанның да болашақта мүмкіндігі бар», дейді теле-радио жүргізуші Қалдыбек Жайсанбай.