«Хабар» арнасы «Таңқалдырған Жаңа жыл» бағдарламасын ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңажылдық кеште әр адам тосын сый күтіп, ғажайыпқа сенеді. Бұл күндері барлығымыз бір-бірімізге сыйлықтар алып, жақсылық жасауға ұмтыламыз. «Хабар» агенттігінің ұжымы да, өз көрермендеріне сый дайындап жатыр, деп хабарлады www.khabar.kz.

«Хабар» арнасы «Таңқалдырған Жаңа жыл» бағдарламасын ұсынады

Мерекелік кешті ән-күйсіз елестету мүмкін емес десек, көрермен тамашалайтын жаңажылдық бағдарламаның ерекше болатыны анық. «Хабар» арнасынан 31 желтоқсанда түнгі сағат 00.00-ге дейін көрсетілетін бағдарлама «Таңқалдырған Жаңа жыл» деп аталады. Бұл шара ретро стильде өтпек. «Хабар» агенттігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кеште, 90-жылдардың ортасынан ел аузында қалған танымал әндер шырқалады.

«Хабар» 2015 жылдың алғашқы бағдарламасын «Ғажайып түн» деп атады. Кеште 2014 жылдың ең үздік әндері шырқалады.