«Хабар» арнасында режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдерінің фестивалі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қарашадан бастап «Хабар» арнасының эфирінде режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдері ұсынылады, деп хабарланған телеарна сайтында.

«Хабар» арнасында режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдерінің фестивалі басталады

«Әр жексенбі сайын режиссердің танымал 5 картинасы - «Келін», «Шал», «Кенже, «Кемпір» және «Жатты» тамашалай аласыздар! Кинофестиваль 22 қараша сағат 17.00-де «Келін» драмасымен басталмақ», делінген хабарламада. «Хабар» арнасы әр фильмді көрсетер алдында көрермендер назарына режиссер мен актерлік құрамның қатысуымен өтетін бағдарлама ұсынады. Қазақстандық режиссер, сценарист Ермек Тұрсынов 1961 жылғы 20 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика және С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін тәмамдады. Режиссерлік мансабын 2008 жылы «Келін» фильмінен бастады.