«Хабар» арнасының мерекелік эфирі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай «Хабар» телеарнасы көрермендеріне бірнеше әлеуметтік маңызды жобалар мен мерекелік бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер әзірледі.
30 қараша күні сағат 21.30-да «Морские ворота страны» деректі фильмі көрермен назарына ұсынылады. Туындыда сауда-көліктік қарым-қатынастарды дамытуды көздейдітін теңіз саласы, соның ішінде Маңғыстау облысындағы «Құрық» портының дамуы сөз болады.
«Жобаның басты идеясы көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның жаһандық сауда-логистикалық жобаны қалыптастырудағы ауқымды жұмысын көрсету. Өркениеттің қалыптасуында Ұлы жібек жолының маңызы ерекше болды, бұл тек сауда байланысы емес, мәдени, саяси байланысты нығайтты, дала дипломатиясын қалыптастырды. Тарихи жағдайларға байланысты бұл байланыс үзліп қалған еді, енді Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің ұсынысымен қайта жандануда. Егер бұрындары бұл жолмен тұрмыстық қажеттіліктер тасмалданған болса, қазір Қазақстан, Қытай, Грузия, Түркия, Каспий теңізінен Жерорта теңізіне ауыр жүктер тасмалданады. Ал Жерорта теңізіне шығу - бұл бүкіл Еуропа аумағына шығу деген сөз. Фильмде осынау маңызды мәселелер көтерілді», - дейді «Хабар» телеарнасы сараптамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Александр Трухачев.
Фильмнің түсірілім тобы Қазақстанның батысы мен шығысындағы маңызды порттарға барып, жұмысымен, сонымен қатар Әзірбайжан, Түркия елдеріндегі халықаралық көлік бағытының жағдайымен танысты. Тағы фильмде Қазастан мен Қытай мемлекеттері жасаған жұмыстар графика түрінде бұқараға түсінікті тілде көрсетілген дейді шығармашылық ұжым.
1 желтоқсан күні сағат 20.20-ға «Түркі әлемінің лидері» деп аталатын деректі фильм жоспарланған. Мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың түркі әлеміндегі беделі мен мемлекеттер арасындағы достық қатынасты орнатудағы орасан зор үлесі баяндалады. Мемлекет басшысының көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Қазақстан бүкіл әлемдік саяси аренада маңызды орынға ие болды, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімнің айқын көрінісін көрсете білді.
Сонымен қатар «Весна на Заречной улице» (1 желтоқсан, 14.45), «Балалық шағымның аспаны» (1 желтоқсан, 16.15), «Елбасы жолы. Отты өзен» (2 желтоқсан, 15.45) фильмдері мен Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» шығармашылық кеші (1 желтоқсан, 18.15), «Дос-Мұқасан» тобының жаңа концерті (2 желтоқсан, 22.40) эфирге шығады.