«Хабар», «Ел Арна» және «Қазақстан» арналарында жаңа телемаусым

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат. Келер телемаусым өзінің қайталанбас ерекшелігімен таң қалдырмақ. «Хабар» және «Ел Арна» арналарының көрермендері кино өнерінің ең үздік туындыларын тамашалайтын болады. Биылғы жылы телекөрермендер кино әлемінің соңғы жаңалықтарымен алғашқылардың қатарында хабардар болуға мүмкіндік алады.
None
None

«Хабардың» телекөрермендері 21 ғасыр киногерлерімен танысудан туындаған пікірлер, көзқарастар және эмоциялар тоғысында кездеспек. Ал «Қазақстан» телеарнасында жаңа жобалар 2009 жылдың телевизиялық маусымындағы ең заманауи, стилді және есте қаларлықтай болатынына уәде береді.

«Арна Медиа» холдингінің телеарналары дайындаған кино жұмыстар, телехикаялар, деректі фильмдер, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар саналуандығымен ерекшеленеді. Пультіңіздегі қажетті тетікті бассаңыз жетіп жатыр, барлық әсем де күрделі болмысымен бүкіл әлем күнделікті тұрмыс-тіршілігіңіздің бір бөлігіне айналады. Өміріңізді терең ойлармен және айқын көңіл-күймен толтырар кейіпкерлермен және сюжеттермен кездесуді жіберіп алмаңыз.

2009-2010 жылдары ұсынылатын көркем картиналар мен телехикаялар іріктемесі кез-келген көрермен аудиториясын қызықтыруға қабілетті, деп есептейді «Хабар» телекомпаниясы. Кішкентай балалардан бастап аса талғампаз болып келетін ересек көрерменге дейін түрлі жас аралығындағы халықтың барлық сұраныстары ескерілген.

Әлемдік рейтингте ең жоғарғы статусқа ие болған таяуда шығарылған теле және кино туындылар ғана болатындығын айта көткен жөн. Барлық фильмдер, хикаялар және танымдық-ойын-сауық телехабарлар қазақ және орыс тілдеріне аударылған. «Хабар» және «Ел Арна» жыл бойы көрсету үшін жіті іріктеп алған ресейлік кинотуындылар да бар. Фильмдердің басым бөлігі - Қазақстан телеэфирі үшін премьера. Үздіктер қатарында «Стиляги», «День Д», «Материнский инстинкт», «Четыре возраста любви», «Эффект «Домино», «Качели», «Реальный папа», «С.С.Д.», «Повелитель эфира» секілді ресейлік кинонарықтың жаңа туындылары жетерлік.

Шетелдік кинобестселлерлер шеруін бірнеше «Оскарды» қатарынан жеңіп алған «Жарлыдан шыққан миллионер» /«Миллионер из трущоб»/ бастап тұр. Сонымен қатар «Знамение», «Двое в Париже», «Крабат», «Список контактов», «Второе дыхание», «У каждого свое кино», «Проклятие золотого цветка» секілді әлемдік кинолардың премьералымен жалғасады - барлығы қырықтан астам жоғары деңгейлі фильм.

Сыналған отандық көрермен соңғы жылдарда батыс киноматографиясының жетістіктері туралы өз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік алады. Сіздерді Николас Кейдж, Даниэль Отой, Моника Белуччи, Лив Тайлер, Такеши Китано, Ванесса Редгрейв, Руперт Эверетт, Мадонна, Вуди Аллен, Брюс Уиллис, Томи Ли Джонс, Жерар Депардье, Катрин Денев, Энди Гарсия, Антонио Бандерас, Скарлетт Йоханссон секілді белгілі актерлермен және режиссерлермен кездесу күтіп тұр.

Қазақстандағы супер-премьера «Ел Арна» телеарнасы эфирінде 16 қыркүйектен бастап шығатын «Листопад» түрік сериалы болмақ. 2008 жылы үздік деп танылған телероман үлкен отбасының өмірлік белестерін баяндайды. Махаббат, сатқындық, опасыздық, ойлану - бұның барлығы айқын да астарлы беріліп, көрермен санасына шынайы терең ой тастайды.

Сондай-ақ қазақстандықтар «Лучшие парни», «Цветы моей жизни», «Женщина солнца», «Мир их жизни», «Брак по любви» сияқты корейлік көп сериялы фильмдерді де тамашалай алады. Бұндай өмірлік оқиғалар телекөрермендеріміздің жанына жақын келетініне сенімдіміз.

Қазақстандық тинэйджерлерге біз жарқын премьера тарту етеміз: DISNEY арнасының рейтингті сериалы «Жизнь с Дереком». Екінші премьера жастарға арналған «Стань звездой» (INSTANT STAR) сериалы болмақ. Ол Gemini Awards бәйгесінің үш рет игері атанған. Бұл канадалық сериалдың саундтректері 2006 жылы US Top 200, Amazon.com чарттарында бақтарын сынаған болатын.

Келер телемаусымның тағы бір эксклюзиві - британдық ВВС арнасының өнімдері 28 минисериал мен Hallmark-тың оннан астам туындысы. Бұл шағын шығармалар - классиканың, фантастиканың және сиқырлы ертегілерінің экраннан көрініс табуы. Бұларды отбасы болып қарауға кеңес береміз. Ағылшын әдебиеті әлемімен таныса отырып, балалар да, ересектер де үлкен ләззат алмақ.

Хабарлық маусымдағы барлық жаңалықтардың басты шарты - қос тілділік. Бұл осыған дейін Discovery, A&E, The History Channel , The Biography Channel секілді танымал арналарда премьералық көрсетілімде болған ғылыми-зерттеу және дамытушы деректі фильмдер мен сериалдарды ұнататын аудитория ауқымын кеңейтеді.

 «Қазақстан» телеарнасының көрермендерін жаңа маусымда ақпараттық-сараптамалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, танымдық және мәдени бағдарламаларының жаңарған форматы, сапалы лицензиялық кинокөрсетілім, эксклюзивті спорт трансляциялары және басқа да көптеген жаңалықтар күтіп тұр. Телекомпаниядан хабарланғандай, жаңа маусымның барлық тележобалары - өздері жасап шығарған өнімдер.

Елдің Бірінші ұлттық телеарнасынан сіздер «Екі Жұлдыз», «Ара», «Роза Рымбаева шақырады», «Сен сұлу», «Ауыл» секілді жаңа телебағдарламаларды тамашалай аласыздар.

Телекөрермендер үшін нағыз тосын оқиға жаңа лицезиялы шоу «Екі жұлдыз - Две звезды» болмақ! 19 қыркүйектен бастап 2 сағаттық шоу - Қазақстан телеарнасының сенбілік кешкі эфирінде, басталуы 19.30. Көрермендер қатысушылардың ең үздік музыкалық жұп атағы үшін бақ сынасуларына куә болады. Бұл музыкалық байқауға бизнес, саясат, спорт, кино және телевидение саласындағы белгілі адамдар қатыспақ. Қазірдің өзінде саясаткерлер Ғани Қасымов пен Тәңірберген Бердонғаров, ғарышкер Талғат Мұсабаев, әртістер Алмас Кішкенбаев, Дильназ Ахмадиева, Қайрат Түнтеков, Кыдырәлі Болманов, Венера және Линда Нигматуллиналар, Толқын Зәбирова, Парвиз Назаров, Ерлан Көкеев, олипиада чемпионы Илья Ильин және басқа да көптеген белгілі қайраткерлер өнерлерін ортаға салуға дайын екендіктерін білдіріп отыр. 4 айға созылатын жобада (2009 жылдың 9-шы қыркүйегінен 26-шы желтоқсанына дейін) бұрын-соңды болмаған музыкалық шоу ұйымдастырылады деп күтілуде.

Танымдық-ойын-сауық «Розы Рымбаева шақырады» атты жаңа ретро-шоуы да көптеген тосын сыйлыққа толы. Хабар аясында Рымбаеваның достарымен - шетелдік ұжымдастарымен де, белгілі қазақстандықтармен де кездесулер өтеді.

Күзгі маусымда «Лики Евразии» деректі циклін жіберіп алмаңыз. Осы жылдың соңына дейін «Қазақстан» телеарнасының көрермендері Қазақстанның тарихында терең із қалдырған жарқын тұлғалар жайындағы әңгіменің куәгері болады. Бұл жоба көптеген халықаралық фестивальдарға қатысып, біршама наградаларға ие болды, соның ішінде 2006 жылғы ІХ Еуразиялық Телефорумның гран-приін атап өткен жөн.

«Қазақстан» телеарнасындағы кинокөрсетілімнің басымдыққа ие бағыты жаңа маусымда отандық және шетелдік киноматографияның классикасы болып қала бермек.

Телекөрермендердың назарына сүйікті қазақтандық, итальяндық, түркиялық, кореялық, ресейлік фильмдер мен сериалдар, сондай-ақ әлемдік киноның үздік үлгілері ұсынылатын болады.

Күзгі маусымда «Қазақстан» телеарнасының өнімі болып табылатын белгілі қазақстандық телехикая «Ағайынды - Братья» прокатқа шығады. Бұл отандастарымыздың тағдырынан сыр шертетін алғашқы халықтық, сапалы сериал.

Әрбір жексенбі сайын ұлттық кино өнерін насихаттау мақсатымен «Қазақфильм» киностудиясының жаңалықтары көрсетіледі. Қазақстандық фильмдерді көрсетуге «Киноғұмыр» жобасы ұсынылған. «Қазақстан» телеарнасы - «Мұстафа Шоқай», «Құрақ көрпе», «Стриж» секілді кинокартиналарды алғаш болып көрсетугі қолға алып отыр.

Қараша айынан бастап («INCANTESIMO») «Страсти по итальянский» жаңа итальяндық сериалының премьерасын жіберіп алмаңыз. Хикая шағын итальяндық қаладағы бірнеше отбасының шырмалған тағдыры жайын баян етеді. Толығырақ «Қазақстан» телеарнасының эфирінде.

Тамыз айының соңында басталған «Тәуіп Хожун» кореялық сериалының табынушылары қараша айының соңына дейін оны тамашалай алады. Ал 80-ші жылдары танымалдығымен көзге түсіп, әлемдік телеклассикаға айналып үлгерген «Королек - птичка певчая» түрік сериалы қыркүйек айында көрермендер назарына ұсынылады. 

2009 жылдың жаңа телевизиялық маусымында «Хабар, «Ел Арна», «Қазақстан» телеарналарының спорттық хабарлары жалғасын таппақ. Телеарналарда спорттық трансляциялар шеңбері ұлғая түсетін болады. Қазақстандық жанкүйерлер ең беделді әрі қызықты халықаралық жарыстарды көре алады. Бұдан басқа спорттық хабарлар дирекциясының басым бағыттарының бірі республикалық ауқымдағы спорт оқиғаларын көрсету болып қала береді.

Біздің телекөрермендер бокстан «Милан-2009» әлем чемпионаты, «УЕФА Чемпиондар лигасы», «УЕФА Еуропа лигасы», Қазақстанның футболдан Премьер Лигасының, Қазақстанның футболдан жастар құрамасының матчтары секілді рейтінгтік және маңызды спорттық оқиғалардың трансляциясын сондай-ақ басқа да спорт түрлерінің трансляцияларын (көкпар, күрес, волейбол) көре алады.

Қазақстанның жетекші телеарналарының шығармашылық ұжымдары сіз бен сіздің жақындарыңыз әр күні теледидардан тартымды және танымды бағдарламаларды тамашалауы үшін қолдан келген істің бәрін жасайды.

Бізбен бірге болыңыздар!

Соңғы жаңалықтар