«Хабар» телеарнасы спорт жанкүйерлеріне бокс кешін ұсынғалы отыр

Алғашқы күнгі бокс кеші ертең, 26 мамырда, Астана уақытымен 01:00-де басталады. Ал 27 мамыр күні С2 салмақ дәрежесіндегі боксшылардың тартысты бәсекесін ел тұрғындары тағы да 01:00 сағаттан бастап көру мүмкіндігіне ие болмақ.
Бұған дейін хабарлағанындай, «Astana Arlans» - «British Lionhearts» арасында екі күндік кездесуде өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың тізімі жарияланды:
«Astana Arlans» құрамы:
С1
49 кг: Жомарт Ержан
56 кг: Нұрсұлтан Көшеғұлов
64 кг: Самат Башенов
75 кг: Мейірім Нұрсұлтанов
91 кг: Мұхамеджан Еркін
С2
52 кг: Азамат Исақұлов
60 кг: Зәкір Сафиуллин
69 кг: Асланбек Шымбергенов
81 кг: Нұрдәулет Жарманов
+91 кг: Қамшыбек Қоңқабаев.
«Астана арландары» командасын тартысты бәсекелер күтіп тұр. Спорт сүйер қауым Қазақстанның былғары қолғап шеберлері мықты екендіктерін тағы да бір дәлелдейді деген сенімде.