«Хабар» телеарнасынан «Штрихи к портрету. Лидер» фильмі көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілде күні «Хабар» телеарнасынан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы туралы «Штрихи к портрету. Лидер» атты фильмі көрсетіледі.

«Хабар» телеарнасынан «Штрихи к портрету. Лидер» фильмі көрсетіледі

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twtter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл Елбасының баспасөз қызметі мен журналист А.Әділованың Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арнаған бірлескен документалды жобасының жалғасы»,-деп жазды Айдос Үкібай.