Хабарландыруларды заңсыз ілгендердің ісі сотта қаралатын болады - С.Ахметов

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Аялдамаларда хабарландыруларды заңсыз ілген азаматтар сотқа берілетін болады.

Хабарландыруларды заңсыз ілгендердің ісі сотта қаралатын болады - С.Ахметов

Бұл туралы бүгін Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз сөзінде аудан әкімі бұл мәселенің қаладағы аса өзекті проблемаларының бірі екендігін атап өтіп, бұл жұмыспен арнайы ілкімді топтардың айналысатындығын жеткізді. «Алдағы уақытта біз хабарландыру ілетін арнайы тақталарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонда жеке азаматтар мен кәсіпорындардың хабарландыруларын жабыстыруға рұқсат беріледі. Ал аялдамаларға хабарландандыру ілген азаматтарға қатысты қатаң шаралар қолданылады, тіпті біз осы мәселе бойынша сотқа дейін баратын боламыз», - дейді С.Ахметов.